Перизат Қайраттан тәркіленген көліктері құқық қорғау органдарына берілді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мұндай көліктердің қандай шарттармен берілетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, көліктер сауда-саттықта сатылмаса, мемлекеттік органдар люкс активтерді тегін ала алады. Ол бұл туралы ӨКҚ-да өткен брифингте айтты.
"Бұл шара бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қарастырылған. Жаңа көліктер сатып алғанша, оларды тәркіленген мүлік есебінен алған тиімді. Нормативтік құқықтық актілерде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың мұндай құқығы бекітілген. Сондықтан бұл құқықты неге пайдаланбасқа", – деді Нұрмахан Әділбеков.
Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік аукционға шығарылатынын мәлім еткен болатын.