Шетел азаматтары үшін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру бағасы қымбаттады

Қорық әкімшілігінің хабарлауынша, бағалар тізбесін Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен.

Шетел азаматтары үшін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру билетінің бағасы қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына сілтеме жасап.

Оған сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымынан бастап Қ.А.Ясауи кесенесі аймағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру билеттерінің құны шетел азаматтары үшін көтерілді. Мысалы, алыс шетел азаматтары үшін 5 000 теңге, жақын шетел (ТМД) азаматтары үшін 2 000 теңге болып бекітілген.

Қазақстан азаматтары үшін билет бағасы бұрынғы қалпында сақталады.

ересектер үшін кіру ақысы – 1 000 теңге;

студенттер мен зейнеткерлер үшін – 500 теңге;

мектеп оқушылары үшін – 300 теңге.

Алайда оқушыларға қазіргідей демалыс кезеңінде кіру тегін.