"Ақтөбе – Астрахан" республикалық маңызы бар автожолында екі адам мерт болып, сегіз адам зардап шеккен ірі жол апаты тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жол-көлік оқиғасы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған. DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жеңіл көліктің бірі сол жерде өртенген.
Ақтөбе облыстық ПД-ның мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.