Қарағанды облысында 10 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті

Ол электр желісінің темір конструкциясына өрмелеп шыққан.

Қарағанды облысының Долинка кентінде 10 жасар бала токқа түсіп, салдарынан жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Aikyn.kz

Қайғылы жағдай Заводской көшесінде болған. 

Зардап шеккен баланың әпкесінің айтуынша, оның інісі Сергей кернеуі 6 000 вольт болатын электр желісінің темір конструкциясына өрмелеп шыққан. Салдарынан баланы ток соғып, ол биіктен құлап кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін еліміз бойынша ауа райы болжамы хабарланған болатын.