Атыраудағы атышулы іс: Ақбаян Мұқанғалиеваға қосымша психиатриялық тексеру қажет

Мамандар оның психикалық жағдайына нақты баға беру үшін қосымша бақылау мен қосымша диагностика қажет деген қорытындыға келген.

Атыраудағы резонансты іс бойынша күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психолого-психиатриялық сараптаманың алғашқы нәтижелері белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мамандар оның психикалық жағдайына нақты баға беру үшін қосымша бақылау мен қосымша диагностика қажет деген қорытындыға келген. 

Сараптама қорытындысында Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына қатысты түпкілікті шешім әзірге шығарылмағаны айтылған. Дәрігерлер толыққанды қорытынды жасау үшін қосымша тексерулер жүргізу қажет деп санайды.

Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы сот сараптамасы институтына стационарлық кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өту үшін жіберілген болатын. Кейін оның Атырауға қайта жеткізіліп, облыстық психикалық денсаулық орталығында бақылауда екені белгілі болды.

Сонымен қатар Атырау облысының прокуратурасы Ақбаян Мұқанғалиеваның өз туыстарының өліміне тікелей қатысы анықталмағанын мәлімдеді. Осыған байланысты оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған.

Дегенмен іс толық жабылған жоқ. Қазіргі уақытта «қылмыс туралы хабарламау» фактісі бойынша бөлек қылмыстық іс қаралып жатыр.