«AMANAT» партиясының «Жастарға жұмыс» жобасы аясында ұйымдастырылатын Job Fair бос жұмыс орындары жәрмеңкесі еліміздегі жастарға жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастауға көмектеседі. Жоба арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Балжан Рахмет, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
21 жастағы Балжан Рахмет – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегі.
2025 жылы оқуын тәмамдап, «Жастар Рухы» жастар қанатының Алматы облыстық филиалы мен Қонаев қалалық мансап орталығы бірлесе ұйымдастырған жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасқан.
Осылайша, Балжан Рахмет еңбек жолын Қонаев қалалық мансап орталығында ассистент болып бастаған. Қазір ол сол мекемеде жастармен жұмыс жөніндегі маман болып қызмет етіп жүр.