Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде Меруерт Өтекешоваға қатысты жағдайға пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желіде «Шабыт» өнер академиясының студенттері актрисаға арыз жазған деген ақпарат тарады. Kznews.kz жариялаған бейнежазбада студенттер бұл іске декан итермелегенін айтқан.
Баян Алагөзова ересек студенттің жеке пікірі болуы керек деп есептейді.
«Меруерт апа үшін қатты жаным ауырып тұр. Бұл дегеніміз – сатқындық, ұстазыңның арқасына пышақ сұққанмен бірдей. Бұл іске декан араласса да. Ересек студенттің өз басы жоқ па?» - деді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.