Актриса, әнші Айгүл Иманбаева журналист Назира Байырбекке берген сұхбатында басынан өткен жағдайды баяндады, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса бір кездері хиджаб киіп, қайтадан шешкенін жасырмады. Өнер иесі жат ағымның жетегінде кетіп бара жатқанын түсінген.
"Бұл 2000 - 2001 жылдары болған нәрсе. Мен орамалды өте қатты жақсы көремін. Мені жалпы қазаққа танытқан, ұлтыма танытқан, алақанына аялатқан – басымдағы орамалым. "Ұят болмасын" бағдарламасында келін Айгүл болып танылдым. Халықтың батасын алдым, ықыласына бөлендім. Мен орамал тақсам, басым рахаттанады. Бірақ өзіңді танып барып, Ислам дініне деген үлкен махаббатпен, құрметпен тереңінен сезініп барып, түбегейлі сопы болып кетпесек те махаббатпен тағылған орамалдың қадірі бөлек болады. Ал менікі олай болмады. Діни ағымның түр-түрі Қазақстанға лек-легімен кіріп жатқан кез болатын. Мен сондай уақытта келдім. Бір ағыммен кірдім. Кейін оның топ екенін, ағым екенін түсіндім. Біраз ұстаздарымыздың ықпалымен ол ортадан шықтым. Мен сол кезде ойладым: "Мен өзімнің Жаратушымды тануым үшін дәл солай тұмшалануым қажет пе? Мен түк білмеймін ғой. Мен өзімді де білмеймін ғой. Мен имамдарға қарағанда ғалымдардан, теологтардан білім алғанды жөн деп санаймын", - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.