Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,5 балл болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Ал Павлодар қаласына дейінгі арақашықтық шамамен 130 шақырымды құрайды.
Қазіргі уақытта жер сілкінісінің халыққа қаншалықты сезілгені туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, 24 мамыр күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде де жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.