Алматыда Күләш Ахметованы еске алу кеші өтті

Кеш аясында Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылық жолын қамтитын арнайы кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, журналист әрі аудармашы Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Күләш Ахметованың тағылымды ғұмыры мен қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы ой қозғап, ақын жырларын оқыды. Сондай-ақ қаламгердің шығармашылық әлемі, адамгершілік болмысы мен әдебиетке сіңірген еңбегі жайында естеліктер айтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.