Қазақстанда ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді

Ұлттық банктің мәліметінше, ипотекалық өтінімдер саны 21%-ға қысқарып, 191 мыңды құраған.

2026 жылдың І тоқсанында Қазақстанда ипотека мен автонесиеге сұраныс азайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық банктің мәліметінше, ипотекалық өтінімдер саны 21%-ға қысқарып, 191 мыңды құраған. Бұған банктердің пайыздық мөлшерлемені көтеруі және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі әсер еткен.

Ал автонесиеге өтінімдер саны 20%-ға азайып, 1,2 млн болған. Сарапшылар мұны жаңа көліктер бағасының арзандауымен және дилерлер ұсынатын жеңілдетілген несие бағдарламаларына сұраныстың бәсеңдеуімен байланыстырады.

Сонымен қатар, ірі бизнес тарапынан несиеге қызығушылық сақталған. Ірі кәсіпорындардың кредиттік өтінімдері 16%-ға өсіп, орташа көлемі 18,8 млрд теңгеге жеткен.

 

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, 2026 жылдың ІІ тоқсанында ипотека мен ірі бизнес несиелеріне сұраныс қайта артуы мүмкін.