Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында шағын футбол бойынша жеке-командалық біріншілігі өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жарысқа бас басқармалар, басқармалар және қызметтердің құрама командалары қатысты, барлығы 120 қатысушы. Қатысушылар жоғары спорттық нәтижелер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей:
I орын - Жедел бас басқармасының командасы;
II орын - Жауынгерлік даярлық бас басқармасы командасы;
III орын - Әскери полиция басқармасы мен Заң басқармасының командалары.
Сондай ақ, жарыс қорытындысы бойынша түрлі номинация иеленген ойыншылар марапатталды:
«Үздік ойыншы» – жедел бас басқармасының әскери қызметшісі подполковник Бекзат Джандарбеков;
«Турнирдің сұрмергені» – жауынгерлік даярлық бас басқармасының әскери қызметшісі майор Бағдат Әшімов;
«Үздік қақпашы» – Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының әскери қызметшісі майор Андрей Потанин.
Жарыс қатысушылары кубок, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дәл осындай турнирлер әскери қызметшілердің өзін басқа қырынан көрсетуге деген зор мүмкіндік. Оған қоса, қызметшіер бірлік пен өзара қолдауды одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.