Арқалықта көз жұмған қызға қатысты тергеу басталды

Бұл ақпаратты полиция растады.

Арқалық қаласында су айдынынан бойжеткеннің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті тұрғындарды расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Сонымен қатар жергілікті пабликтер мен әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі болжамдар талқылануда. Кейбір қолданушылар қыздың өліміне зорлық-зомбылық немесе өзге де жағдайлар себеп болуы мүмкін деген пікір білдіріп жатыр. Дегенмен тергеу жалғасады.