Әйгілі файтер 17 секундта жеңіп, 1 миллиард теңгеден аса гонорар алды

Шоу Лос-Анджелесте өтті

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы Лос-Анджелесте өткен MVP MMA 1 дебюттік турниріне қатысқан спортшылардың гонорарларын ресми жариялады.

Кештегі ең ірі төлемді Ронда Роузи алды. Ол жекпе-жектің 17-секундында ауырту әдісімен жеңіске жетіп, 2,2 миллион доллар алды. Бұл шамамен 1,122 миллиард теңге.

  • Фрэнсис Нганну — 1 500 000 доллар / шамамен 765 миллион теңге. Ол бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
  • Джина Карано — 1 050 000 доллар / шамамен 535,5 миллион теңге. Ол Роузиден жеңілді.
  • Нейт Диас — 500 000 доллар / шамамен 255 миллион теңге. Ол техникалық нокаутпен жеңілді.
  • Майк Перри — 400 000 доллар / шамамен 204 миллион теңге. Ол дәрігердің шешімімен Диасты жеңді.
  • Фелипе Линс — 100 000 доллар / шамамен 51 миллион теңге. Ол Нганнудан жеңілді. Алайда қауесет бойынша, Нганну өз гонорарынан оған тағы 100 000 доллар берген.

Джейк Полдың лигасы бастапқыда UFC-дегі файтерлердің төмен жалақысын сынау арқылы медиа науқан жүргізген. MVP MMA 1 турнирінде бұрын-соңды болмаған базалық төлем деңгейі белгіленді. Кардқа қатысқан 22 спортшының әрқайсысы кемінде 40 000 доллар / шамамен 20,4 миллион теңге алған. Бұл қатарға алдын ала жекпе-жектерге шыққан аса танымал емес спортшылар да кірді.

Бұл тек келісімшартта көрсетілген кепілдендірілген сома. Оның ішіне мыналар кірмейді:

  • жалпы табыстан түсуі мүмкін үлес;
  • бонустық төлемдер;
  • демеушілік келісімшарттар;
  • Netflix-пен жасалған MVP келісімі бойынша төлемдер;
  • сувенир мен мерч сатылымынан түсетін пайыздар.

 

Сондықтан Ронда Роузи немесе Джина Карано сияқты спортшылардың нақты табысы, камбэк ауқымы, Netflix факторы және жекпе-жектің медиялық құнын ескерсек, бірнеше есе жоғары болуы мүмкін.