Тегеран екінші кезеңдегі бейбіт келіссөздерге кірісу үшін бес талап қойған еді. Иран бұл талаптар орындалмайынша келіссөзді жалғастырмайтынын мәлімдеген. Бұған жауап ретінде Вашингтон да өз тарапынан бес шарт ұсынды. Бұл туралы Иранның Fars агенттігі хабарлады.
АҚШ қойған шарттар қатарында:
-
АҚШ тарапынан қандай да бір репарация немесе өтемақы төлеуден бас тарту;
-
Иранның 400 килограмм уранын АҚШ-қа шығару және тапсыру;
-
Ирандағы ядролық нысандар кешендерінің тек біреуінің ғана жұмысын сақтау;
-
Иранның бұғатталған активтерінің 25 пайызын да босатудан бас тарту;
-
барлық майдандағы соғыс қимылдарын тоқтатуды келіссөздердің өтуі мен барысына байланыстыру бар.
Жарияланымда атап өтілгендей, Тегеран аталған шарттардың бәрін қабылдаған жағдайда да, Ислам Республикасына қарсы агрессияны қайта бастау қаупі сақталады.
Агенттік мәліметінше, АҚШ осылайша Иранның бес тармақтан тұратын бастамасына жауап берген.