Оралда көпқабатты үйден өрт шықты

Өрттің ауданы 20 шаршы метрді құрады.

Орал қаласы Деркөл кентінде Құрманғалиев көшесінде орналасқан екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты.

ТЖМ мәліметінше, өрттің ауданы 20 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді. Өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада