Талдықорғанда автобус жаяу жүргіншіні қағып, әйел қаза тапты

Әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Талдықорғанда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция мәліметінше, Isuzu маркалы автобус Назарбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Әлеуметтік желілерде марқұмның артында екі кішкентай баласы қалғаны айтылып жатыр.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнаулы айып тұрағына қойылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.