Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жыл­ғы 15 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақы­рыл­сын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.