Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалына аты-жөнін жазған ер адам ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 2005 жылы дүниеге келген азамат екен.

Маңғыстау облысында полицейлер Ыбықты Сай шатқалы аумағына жазу жазып кеткен ер адамды анықтап, жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның өзінің аты-жөні мен автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткені бейнеленген жарияланымды анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 2005 жылы дүниеге келген азамат екен.

Аталған азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалы процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар құқық бұзушы салған жазуларын өшіріп, аумақты бастапқы қалпына келтірді.