Әскери-тарихи музей ашылды

Жеңіс күніне орай Ақмола облысының Родина ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музей филиалының салтанатты ашылуы өтті.

Бұл – Ұлттық әскери-пат­риот­тық орталығының құрамында аш­ыл­ып отырған үшінші филиал. Не­гізгі музейдің бірі Астана қала­­сында орналасса, екіншісі Алматыда бой көтерді. Әскери-та­рихи музей­дің Родина ауыл­ын­да ашылуының да өзіндік мәні­сі бар.

Салтанатты іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ес­керткішке гүл шоғын қою рәсі­мі­мен басталды. Ұлы Отан соғыс­ына қатысып, жеңіс жолын­да жан аямай күрескен 130-дан аса ақмолалық батырдың есімі осы ескерткішке қашап жазылған. Рәсімге Қорғаныс министрі, ави­а­ция генерал-лейтенанты Дәу­рен Қосанов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Қарулы Күш­тердің ардагерлері, қоғам өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты. Жаңа музей кешені жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбие­леу мен тарихи жадты қалыптас­тыруда маңызды мәдени орталық­қа айналып отыр. 

– Біз жай ғана музей емес, болашақ құрметпен ұрпақ тәу етер тәрбие орнын ашып отырмыз. Мұндай жобалар арқылы жастар бейбіт өмірдің қадірін, аға буын­ның ерлігін және Отанға қызмет етудің маңызын тереңірек түсі­нетін болады. Тарих тек оқулық­тарда немесе цифрлық кеңістікте ғана болмауы керек, оны көріп, сезіне білу қажет, – дейді Қор­ғаныс министрі Дәурен Қосанов.

Музей қорында Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қару-жарақ пен әскери техника үлгілері, ар­хивтік материалдар, жауынгерлік тулардың түпнұсқасы, Ақмола өңірінің Жеңісті жақындатуға және елдің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын жәдігерлер жинақталған. Жалпы, музей кеш­ені ауылдың іргетасы қалан­ған кезден бүгінге дейінгі тарихи кез­еңді толық қамтыған. 

– Музейде 100-ден астам жәдігер бар. Барлығы да шынайы өмірде, қан майданда пайда­ла­нылған қарулар мен құрал-жаб­дық­тар. Көбі Ұлттық әскери-пат­риоттық орталығында іріктеліп, осында жеткізілді. Еліміздің бүкіл өңірінде және Родина ауылында да «Жас сарбаз» балалар мен жас­өспірімдер қозғалысы жұмыс іс­тейді. Осы қозғалыс та іс-шара­ның өтуіне атсалысып жа­­тыр, – дейді Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы Арман Әсенов. 

Музей кешенінде 1939-1944 жылдары шығарылған 16 әскери техника да бар, ауыр әскери тех­ника құралдарының кейбірі соғыс кезінде қолданылып, кейін жөн­деу­ден өткен. Атап айтқанда, брон­ды техника, артиллериялық жүйелер, ұшақ үлгілері, атыс қару­лары және әскери тұрмысқа қатысты заттар сақтаулы тұр. Музейді ашу кезінде заманауи әс­кери-музейлік кешендерді қалып­тастырудағы озық шетелдік тә­жірибе де назардан тыс қалмаған.

– Музей жас ұрпақтың патриот­тық тәрбиесіне үлес қос­ып, батыр­ларымыздың ерлігін ұлықтап, тарих­қа деген құрметті арттырады. Мұнда халқымыздың қайсарлығы, рух күші мен ерлігі көрініс тапқан. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ашылуы – арда­гер­лер мен ел қорғаған азаматтарға көрсетілген зор құрмет. Музей өңір үшін маң­ыз­ды мәдени ағартушы­лық орта­лыққа айналады деп сенемін, – дейді облыс әкімі Марат Ах­метжанов.

Бір айтарлығы, Әскери-та­рихи музейдің филиалы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрдің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қол­дауы­мен ашылып отыр. Сонымен қатар мемлекет, қоғам және әс­кери қайраткерлер, оның ішін­де Мұхтар Алтынбаев, Бақытжан Ертаев, Руслан Жақсылықов, ардагерлер қоғамдастығының өкіл­дері де кешенді құруға сүбелі үлес қосқан. Марат Құсайынов жет­екшілік ететін «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағының да еңбегін атап өту керек.

Родина ауылының еліміз үшін экономикалық бағыттағы орны ерекше, ал музейдің қызмет етуі ауылдың тарихи-мәдени тұр­ғы­дан да маңызын арттырмақ. Жаңа кешен ұрпаққа туған өлке­нің батырларын ұлықтаумен шек­телмей, ауылға келетін қонақтар үшін де қымбат болары анық.

Айсұлу СЪЕЗХАН