«Өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды...»: Динара Сәтжан Баян Алагөзоваға қолдау білдірді

Ол камзолдың продюсер Баян Алагөзованың қолына түсуі кездейсоқ жағдай емес екенін атап өтті.

Тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram желісіндегі парақшасында «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты ойын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол камзолдың продюсер Баян Алагөзованың қолына түсуі кездейсоқ жағдай емес екенін атап өтті. 

«Өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды. Бәрінің өз мәні бар. Қыз Жібектің камзолы Баян Алагөзоваға берілген қарапайым сыйлық емес еді. Ол — белгі. Камзол 30 жыл бойы үнсіз сақталып келген. Егер Баян болмаса, ол тек өткеннің куәсі болып қала берер еді», – деп жазды журналист. 

Сонымен қатар ол осы оқиға болмаса, актриса Меруерт Өтекешованың жалдамалы пәтерде тұратынын ешкім білмейтінін айтты. Өйткені бұл туралы әріптестері де, құрбылары да айтпаған. 

«Ол бар өмірін театрға, өнерге арнады. Бірақ өнер әрдайым еңбекті материалдық тұрғыда қайтарып бере алмайды. Баян тек камзолды қайтарып қана қоймады, ол актрисаға жайлы өмір сыйлады Алматыдан пәтер және ай сайынғы зейнетақы. Ең таңғаларлығы, екеуі де Оралдан. Бұл кездейсоқтық емес. Меруерт ханым ешқашан көмек сұрамайтын еді. Бірақ камзол өз миссиясын орындады», – деді тележүргізуші.

Сонымен қатар ол әріптесі әрі құрбысы Баян Мақсатқызын осы әрекеті үшін мақтан тұтатынын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.