Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысатыны туралы бұған дейін Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлаған еді. 

– Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды, - деп жазды Айбек Смадияров. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.