Павлодарда балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Айыптау тарапының мәліметінше, айыпталушы балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен. Павлодар облысы прокуратурасының хабарлауынша, тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, түрлі дене жарақатын келтірген.
Сот шешімімен әйел 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды.
Сонымен қатар сот оны 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.