Өңірлерде найзағай ойнап, дауыл мен өрт қаупі сақталады

Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ және екпіні 15–20 м/с дейін жететін дауылды жел күтіледі. Қолайсыз ауа райы Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және өзге де облыстарда болжануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман күтіледі.

Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады.

Көптеген өңірлерде жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 08 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

08 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда түнде Павлодар облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 мамырда түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 мамырда күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

08-09 мамырда күндіз Жетісу облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 08-10 мамырда облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

08 мамырда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.  Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

08 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда күндіз Абай облысының батысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

08 мамырда түнде Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.  Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.