Еліміз бойынша 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер алдағы күндері қатты жаңбыр мен тұман болады деген болжам жасады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес.

5 мамырда елдің солтүстігінде, 6-7 мамырда батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

Республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күндіз температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін жоғарылайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.