Өңірлік дамудың нақты драйвері

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі – халықаралық ынты­мақ­тастықты кеңейту, инвестиция тарту және ел­дің өңірлік көшбасшылық рөлін нығайту.

Бұл ба­ғыттағы жүйелі жұмыстар бүгінде өңірлердің әлеу­меттік-экономикалық дамуынан нақты кө­рініс табуда. Соның айқын дәлелі – Түркістан об­лы­сы аумағында жүзеге асып жатқан ірі инвес­тициялық жобалар.

Осы ретте Түркістан облы­сы­ның әкімі Нұралхан Көшеров пен UBC Group компаниясының не­гізін қалаушы Игорь Бур­ды­лен­ко арасында өткен кездесу  Қа­зақстанның ашық әрі тең­герімді сыртқы экономикалық сая­сатының нақты көрінісі. Ке­ліссөздер барысында өңірдегі инвестициялық жобаларды да­мыту, өндірісті кеңейту және экс­­порттық әлеуетті арттыру мә­­­­­селелері талқыланды.

Қазақстанның халықаралық дең­гейдегі бастамалары мен эко­номикалық дипломатиясы шет­елдік инвесторлар үшін қо­лайлы орта қалыптастыруға ба­­­ғытталған. Соның нәтиж­е­сін­де Түркістан өңірінде іске қо­сыл­ған JASYL SUYQ QAZA­QS­TAN зауыты бүгінде өндірістік қуа­тын кеңейту кезеңіне өтті. Жо­ба­ның екінші кезеңі аясында 1,2 млрд теңге инвестиция тарты­лып, жаңа өндірістік инфра­құ­ры­­лым қалыптастыру жос­пар­ла­нуда.

Жаңа өндірістік кешеннің салынуы Қазақстанның индуст­рия­лық-инновациялық даму сая­сатының өңірлік деңгейде тиім­ді жүзеге асып жатқанын көр­сетеді. Кәсіпорынның жыл­дық өндірістік қуаты 50 мың да­наға дейін ұлғайып, ішкі на­рық сұранысын қамтамасыз ету­мен қатар, экспорттық әлеуе­тін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде зауыт өнімдері Өз­­­­­­бек­­­стан мен Қырғыз­стан нарықтарына экспорт­талу­да. Алдағы уақытта Әзербайжан, Гру­зия, Армения, Моңғолия, Тә­жікстан және Түрікменстан ел­деріне шығу жоспарлануда. Бұл – Қазақстанның Орталық Азия­дағы экономикалық ықпа­лын күшейтіп, аймақтық көш­бас­шылық позициясын нығай­ту­дың нақты қадамы.

Аталған жоба тек эко­но­ми­калық көрсеткіштермен шек­тел­мейді. Өндірісті кеңейту ар­қылы жаңа жұмыс орындары ашы­лып, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берілуде. Сонымен қатар қо­сал­қы өндірістерді іске қосу ар­қы­лы өңірде толық өндірістік тіз­бек қалыптасып, қосымша құн көлемі ұлғаяды.

Қазақстанның инвес­ти­ция­лық тартымдылығы мен ашық саясаты шетелдік серіктестердің се­німін арттырып, жаңа өндіріс­тік жобалардың жүзеге асуына жол ашуда. Осы бағытта Түр­кі­с­тан облысы аумағында тағы бір  ірі флоат-шыны өндіру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жо­баны талқылау мақсатында об­лыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек шетелдік ин­вес­торлармен кездесу өткізіп, өң­деу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу мүм­кіндіктерін қарастырды. Кез­де­су барысында жер телімдерін бө­лу, инфрақұрылыммен қам­та­масыз ету және жобаны қол­дау тетіктері жан-жақты талқы­лан­ды.

Жобаның жалпы инвес­тиция­лық көлемі ша­ма­мен 220 млн АҚШ доллары жә­не екі кезеңде жүзеге асыры­ла­ды. Бірінші кезеңде жылына 480 мың тонна жоғары сапалы флоат-шыны өндіретін зауыт іс­ке қосылса, екінші кезеңде 350 мың тонна кварц құмын өндіру ке­шені мен қосымша өндірістік ны­сандар салу көзделген. Өңір бас­шылығы бұл бастаманың ст­ратегиялық маңызын ерекше атап өтуде. Қанат Қайыпбек атап өткендей, жоба  Түркістан об­лысының ғана емес, бүкіл ел­дің өнеркәсіптік әлеуетін арт­тыруға ықпал етеді. Сонымен қа­тар бұл бастама импортты ал­мастыру саясатын жүзеге асы­руға және отандық өндірісті да­­­мы­туға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, өңірде кварц­­­­­ты құмның мол қоры бар,  Қазығұрт және Созақ аудан­дарын­да орналасқан кен орын­дары жобаны жүзеге асыруға жеткілікті шикізат база­сын қам­тамасыз етеді. Бұған дейін ин­весторлар осы кен орын­дарын зерттеп, зертха­на­лық тал­даулар жүргізіп, оң нә­ти­же­лерге қол жеткізген.

Жобаны іске асыру – Қазақ­стан­ның халықаралық өндіріс­тік тізбектерге интеграция­лануы­ның және өңірлік эконо­ми­ка­лық ықпалының арта тү­суі­­н­ің нақ­ты дәлелі. Сонымен қатар бұл бастама жаңа жұмыс орын­да­­рын ұйымдастырып, тех­но­логия трансфертіне жол аша­ды.

Жалпы, мұндай бастамалар  – Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді саясатының, ин­вестициялық тартымды­лы­ғы­ның және тиімді сыртқы эко­но­микалық байланыстарының нәтижесі. Мемлекет ұстанған ашық­тық, сенімділік және әріп­тестік қағидаттары өңірлердің тұрақты дамуына серпін беріп, ел экономикасын жаңа деңгейге көтеруде.

Осылайша, Түркістан облы­сын­да жүзеге асып жатқан ин­вес­тициялық жобалар Қазақ­стан­ның сыртқы саясаты мен ха­лықаралық ынтымақтасты­ғы­ның нақты жемісі әрі өңірлік да­мудың маңызды драйверіне ай­налып отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы