Каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсті

Каналдардың су өткізу қуаты артып, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарған.

Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері суару каналдарын механикалық тазалау қарқыны үш еседен астам артты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Мәселен, 2023 жылы «Қазсушар» РМК филиалдары 562 шақырым канал тазаласа, 2024 жылы – 1 148 шақырым, 2025 жылы – 1 840 шақырым канал тазартылды. Биыл жыл басынан бері 700 шақырым канал механикалық тәсілмен тазартылды. Жыл соңына дейін 2 211 шақырым канал тазалау жоспарланып отыр.

Бұл шаралар каналдардың су өткізу қуатын арттырып, суармалы жерлерге су жеткізуді жақсартуға бағытталған.

«Қазсушар» РМК техника паркін ауқымды жаңарту каналдарды тазалау қарқынын жеделдетуге  мүмкіндік берді. Бүгінде кәсіпорын теңгерімінде 2 100-ден астам арнайы техника бар. Былтыр Өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен 576 техника сатып алынды. Ал тарифтік қаражат есебінен 135 техника алынды. Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.