"Тежегіші істен шыққан": Алматыда жүк көлігі аударылды

Тұрғындар аумақта мұндай оқиғаның жиі қайталанатынын жеткізді.

Алматыда жүк көлігі Сағадат Нұрмағамбетов көшесімен төмен түсіп келе жатып, басқарудан айырылып, жеке нысан аумағына кіріп кеткен, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, төмен қарай қозғалған жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Салдарынан көлік қиылыста қарсы бағытқа шығып, қоршауды, бірнеше ағашты жанап өтіп, су құбырына зақым келтірген. Кейін Offtop club аумағына кіріп, аударылған.

Соққының негізгі күші жүргізуші жағына тиген. Кабина қатты мыжылып, жүргізуші ішінде қысылып қалған. Құтқарушылар оны ұзақ уақыт бойы шығарып алған, ақырында арнайы құралдың көмегімен құтарылды. Бірден оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді,

Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқару қызметі және өрт сөндірушілер жедел жетті. Қазір жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, аумақта мұндай оқиғаның жиі қайталанатынын жеткізді.