Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың келіні Ботагөз Қалдаяқова ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына қатысты жағдайды баяндады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол Мұхтар Шахановтың Шәмші Қалдаяқовқа жасаған жықсылығы туралы естелігін бөлісті. Сондай-ақ Ботагөз Қалдаяқова ақынмен 2024 жылдың соңында танысқанын атап өтті. Ол Мұхтар Шахановтың сөзіне және Шәмші Қалдаяқовтың әуеніне жазылған әндердің авторлық құқығын қорғауға атсалысқан.
«Менің жолдасым Мұхтар ағаны бала кезінен танитын. Ақын олардың Ленин көшесіндегі пәтеріне жиі қонақ болған. Ал 1991 жылы Шәмші Қалдаяқов ел бойынша 60 жылдық мерейтойлық концерттерінен кейін қатты сырқаттанып қалғанда Мұхтар Шаханов жақын досы әрі серігі ретінде оны Алматыға, өлім аузында жатқан күйінде үйіне жеткізген. Өзім Мұхтар Шахановпен 2024 жылдың соңында таныстым. Сол кезде қорымыз оның Шәмші Қалдаяқовпен бірлесіп жазылған әндерінің авторлық құқығын қорғау ісінде оның мүддесін қорғайды деп келістік. Сол кезде мені таңғалдырғаны, Мұхтар Шахановтың өз сөзінше, сегіз жыл бойы авторлық қоғамдардан бір тиын да қаламақы алмаған. Бірақ “Шәмші әлемі” қоғамдық қорының күш-жігерінің арқасында біз Шахановтың сөзіне және Қалдаяқовтың әуеніне жазылған әндерді негізгі пайдаланушылардан әділ сыйақы төлеуге қол жеткіздік. Мұхтар аға өмірінің соңғы екі жылында болса да, өз мұрасына қатысты әділдіктің бар екенін көріп кетті. Жатқан жері жайлы болып, Жаратқан жанына тыныштық берсін. Мұхтар Шаханов нағыз азамат, ақын еді», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.