Alem.ai ел дамуының жаңа драйвері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI экожүйесін дамытуға арналған негізгі алаң саналатын Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.

Орталықта жасанды интеллект са­ла­сындағы ғылыми зерттеулер мен бі­лім беру бағдарламалары жүргізіліп, стар­тап-бастамалар мен басқа да қол­дан­балы шешімдердің енгізілуіне жағ­дай жасалады.

Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік сек­тор­да, бизнесте және күнделікті өмір­де қолдануға мүмкіндік береді.

Жалпы, Орталық Мемлекет бас­шы­сының Қазақстанды технология­лық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стра­те­гиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.

Президент Орталықты аралау ба­ры­сында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. Бұл – ин­теллектуалды қала инфрақұры­лы­мы­ның жаңа буынын қалыптастыра­тын маңызды бастама. Presight.AI ком­­­­паниясының бас директоры Томас Пра­мотедхам қала жүйелері мен де­рек­­терді нақты уақыт режимінде бі­рік­­тіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиім­ділігін арттыру барысындағы қол­дану мүмкіндіктерін таныстырды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.

Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мек­тебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде тара­тылмақ.

Мемлекет басшысы телекөпір ар­қы­лы 14 өңірдегі Tomorrow School мек­­­­тептерінің желісін ашты. Бұл мек­тепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология сала­сы­на жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.

Тағы бір білім беру алаңы – цифр­лық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралы­ғындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті тех­нологиялар орталығы. Мұнда гене­ративті жасанды интеллект, бағ­дар­ла­малау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, ки­но­­өнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.

Бұдан бөлек, Президентке AI Research University тұжырымдамасы та­ныс­тырылды.

Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерт­теу университеті Alem.ai база­сын­да орналасады. Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады. Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойын­дары – 2026» халықаралық тур­ни­ріне дейінгі кері санақты интерак­тивті форматта іске қосты. Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қа­ла­сында 29 шілде мен 9 тамыз күн­дері аралығында өтеді.

Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы крип­то­валю­тамен төлеу үрдісі көрсетілді.