Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Анықталғандай, күдікті психотроптық заттарды жасырын орындарға қойып кету тәсілімен өткізген екен.
Тексеру кезінде одан таратуға дайындалған психотроптық заттары бар 72 орама табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Полиция есірткі тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмысты жалғастырады.