Қызылорда облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлері ұйымдастырған бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот мәліметінше, ауылдық клубтың бухгалтері мекеме директорымен бірлесіп, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, 10 жыл бойы бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырып келген. Қылмыстық әрекет қызметкерлерге жалақыны артық аударып, кейін түрлі сылтаумен (қате есептеу, шоттың бұғатталуы және т.б.) кері қайтарып алу арқылы жүзеге асқан. Көптеген қызметкерлер бұл заңсыз әрекеттерден бейхабар болған.
Жалпы, келтірілген шығын көлемі 36 миллион теңгені құрады. Сот оларды 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Алғашында бухгалтерге рақымшылық заңы қолданылып, жаза мерзімі 4 жыл 8 айға қысқартылған. Алайда кейін бұл шешімнің заңсыз екені анықталды. Бас прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот үкімді қайта қарап, бухгалтердің жаза мерзімін 5 жыл 7 айға дейін ұлғайтты.