Бұл шешім құқықтық тәртіп әскерлері дамуының маңызды кезеңіне айналып, олардың заманауи келбетін, міндеттері мен мемлекеттік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі миссиясын айқындады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
«Ұлттық ұлан» атауының өзінде терең мән жатыр. Бүкіл әлем ішкі әскерді «жандарм» деп атап жүргенде, бұл термин қазақилықтың иісі аңқып тұрған төл "Ұлттық ұлан" сөзімен алмастырылды.
«Ұлттық» сөзі халықты, мемлекетті, оның құндылықтары мен бірлігін білдіреді. Бұл – ел тағдырына ортақ жауапкершілік пен бірліктің нышаны. Ал «Ұлан» қазақ дәстүрінде жауынгерді, елдің ұлын, тыныштық пен қауіпсіздікті қорғау сияқты жоғары міндет жүктелген қорғаушыны сипаттайды.
Осы атауда ұлттық болмыс пен қызмет ету идеологиясы үйлесім тапқан. Ұлттық ұлан – күштің, адалдықтың және азаматтарды қорғауға әрдайым дайын болудың айқын көрінісі.
Бүгінде құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері қалыптасқан дәстүрлерді лайықты жалғастырып, күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтарды қорғап, мемлекеттің сенімді қалқаны болып келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.