Жаңаөзен қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері нөсер жауын салдарынан болған су басу зардаптарын жою жұмыстарына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңаөзен тұрғындары әскери қызметшілерге жеделдігі, батылдығы және жанашырлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Айта кеткен жөн, Ұлттық ұлан төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысып, қиын сәттерде азаматтарға әрдайым көмек көрсетіп келеді.