Ақмарал Ерекешева әлем кубогы кезеңінде үшінші орынды алды

Жарыс Әзербайжанда өтті

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде үшінші орынды иеленді

Отандасымыз таспамен орындалатын жаттығудың финалында 27.000 ұпай жинап, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Германиялық Дарья Варфоломеев жарыс жеңімпазы атанды - 28.800 ұпай. Италия өкілі София Раффаэли екінші орын алды - 28.500 ұпай.