Елена Рыбакина Германиядағы теннис турнирінде финалға шықты

Финалға жолдама үшін өткен матчта әлемнің екінші ракеткасы Мирра Андреевамен кездесті.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Финалға жолдама үшін өткен матчта әлемнің екінші ракеткасы Мирра Андреевамен кездесті.

Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.

Енді Рыбакинаның финалдағы қарсыласы Каролина Мухова болады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші бұл турнирде 2024 жылы жеңімпаз атанған.