Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Спортшы 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орынды иеленді.

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Эсмигүл Куюлова Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орынды иеленді.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Куюлова Тайбэй өкілі Пэй Чунь Юаньді сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, бүгін, 17 сәуір күні, финалдық кезеңде Абылайхан Жұбаназар мен Әділет Алмат (81 келіге дейін) өнер көрсетеді.