Жаңбыр, бұршақ, тұман: 16 сәуірге ауа райы болжамы

Батыс Қазақстан облысында түнде оңтүстікте, батыста аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Қазгидромет 16 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысында түнде батыста, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде жаңбыр, солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15–20 м/с, шығыста, оңтүстікте, орталықта кей уақытта 25 м/с, күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта екпіні 15–20 м/с. Ақтауда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысында батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), шығыста аздаған жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады). Батыста, оңтүстікте, шығыста көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман. Жел солтүстік-шығыстан, батыста, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстікте, шығыста тұман. Өскеменде жаңбыр, қар, көктайғақ болады.

Абай облысында батыста, солтүстікте, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, шығыста, орталықта екпіні 15–20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, қар, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде шығыста кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан екпіні 15–20 м/с, шығыста, оңтүстікте кей уақытта 23–28 м/с. Ақтөбеде жел екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысында оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте тұман түседі. Жел солтүстіктен, оңтүстікте екпіні 18 м/с. Павлодарда тұман болады.

Атырау облысында түнде батыста, оңтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, батыста, шығыста екпіні 15–20 м/с. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай.

Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жауын-шашын, найзағай, күндіз кей уақытта нөсер жауын-шашын болады. Орталықта шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, батыста, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында таңертең және күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–18 м/с. Іле Алатауы тауларында жаңбыр, сулы қар, найзағай, күндіз бұршақ жауады. 

Қонаевта таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысында оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстікте, шығыста тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, батыста, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.

Ұлытау облысында  батыста, солтүстікте жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Жезқазғанда күндіз жаңбыр, найзағай болады.

Түркістан облысында таңертең және күндіз таулы және тау бөктерінде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Батыста, солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстікте, шығыста, орталықта жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл болады. 

Жамбыл облысында түнде оңтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай болады. Тауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, оңтүстікте, тауда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Тауда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, тауда және кей жерлерде екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с.

Батыс Қазақстан облысында түнде оңтүстікте, батыста аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні солтүстік-шығыста, солтүстікте, шығыста 15–20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.