«Әже болдым»: танымал тележүргізуші қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Қуаныштан көз жасына ерік берген ол құттықтап жатқан жандарға алғыс білдірді.

Тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол тұңғыш немересі дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады.

«Сүйінші! Қазақ еліне +1 әже. Немерем! Жылап жазып отырмын. Бақыт құшағындамын», - деп жазды тележүргізуші.

Қуаныштан көз жасына ерік берген ол құттықтап жатқан жандарға алғыс білдірді.

«Немереме. Әжесі осылай қуанғаны таспада қалсын, өскенде көрсетемін. Тоқтамай келіп жатқан құттықтауларыңызға мың алғыс! Баршаларыңызды құшақтадым. Әже ПроМах Гулеке», -  деді ол.

Желі қолданушылары журналисті қуанышымен құттықтап, отбасына бақыт тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.