Маңғыстау облысында толассыз жауған нөсер салдарынан бірнеше елді мекенді су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, 14-15 сәуір күндері өңірде айлық нормадан 3-4 есе көп жауын-шашын түскен.
Нөсердің салдарынан Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Қарақия аудандарындағы көшелерді су басқан. Әсіресе Жаңаөзенде екі тұрғын үйдің ішіне су кіргені белгілі болды.
Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінен 150-ден астам адам және 50-ден астам техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, қатты желдің әсерінен Маңғыстау және Бейнеу аудандарында шамамен 20 тұрғын үйдің шатыры зақымданған.