Автокөліксіз күн: Жетісу университетінің қызметкерлері жұмысқа велосипедпен келді

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында эко-челлендж ұйымдастырды.

Акция аясында қызметкерлер жұмысқа жеке автокөліксіз, велосипедпен келді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Акцияның негізгі мақсаты – қалалардағы көлік кептелісін азайту, ауаның тазалығын сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің физикалық белсенділігін арттырып, жұмысқа велосипедпен келу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға университеттің барлық факультет декандары, оқытушылар, құрылымдық бөлім басшылары мен қызметкерлері белсене қатысты.

«Бүгінгі акция университет қызметкерлеріне жақсы мотивация берді. Олар жеке көліктерінен бас тартып, жұмысқа велосипедпен келді. Велосипедпен жүрудің денсаулыққа да, қоршаған ортаға да пайдасы зор, сондай-ақ ол үнемді. Осындай салауатты өмір салты мен экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған челленджге өзге де жоғары оқу орындарындағы әріптестерімізді шақырамыз!», – деп атап өтті Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев.

Бұл бастама экологиялық таза қала мен салауатты қоғам қалыптастыруға қосылған маңызды үлес ретінде алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.