Ресейде «Ахмет Жұбановқа 120 жыл» атты мерейтойлық концерт өтті

Кеш барысында ұлттық музыка жауһарлары шырқалып, қазақ өнерінің тереңдігі мен бай мұрасы шетелдік көрерменге кеңінен насихатталды.

Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласындағы Мемлекеттік академиялық капелласының сахнасында тарихи әрі тағылымы мол концерт өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаған, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай, А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Ахмет Жұбановқа 120 жыл» атты мерейтойлық концерті ұйымдастырылды.

Концерт жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Өнер ұжымы өз кәсібилігімен, сахналық мәдениетімен және орындаушылық шеберлігімен ерекше әсер қалдырды.

Айтулы шара қазақ музыка өнерінің халықаралық деңгейде насихатталуына зор үлес қосты. Бұл екі елдің мәдени байланысын арттыратын, достық пен бірлікке үндейтін мерейлі шараның бірі болып, мәңгі есте қалары анық.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.