Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов мемлекеттік «Парасат» орденімен марапатталды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл жаңалықты әлеуметтік желіде бірінші болып әйелі Баян Алагөзова жеткізді.
Ол қуанышты жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, құттықтады.
«Алагөзов мырза енді жай ғана Тұрсынғали Тұрымұлы емес, бүгінде "Парасат" орденінің иегері! Құттықтаймын! Мен сені өте мақтан тұтамын және жақсы көремін. Еліміздің әлеуметтік тұрғыда дамуына үлесіңді қоса бер және қайырымдылық жасауды жалғастыра бер. Сен өте мейірімді адамсың», – деді Баян Алагөзова.
Ал Тұрсынғали Алагөзов туған еліңнің дамуына үлес қосу маңызды міндет екенін атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.