Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды. ҚР ҰОК мәліметінше, қола жүлде үшін өткен белдесуде Қасымбек қытайлық У Бухеердунды 8:7 есебімен, бір ұпай айырмасымен жеңді.
Айта кетейік, бүгін, 12 сәуірде 92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков те қола жүлдеге қол жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.