Алматыда жұртты қорлаған дін өкіліне айыппұл салынды

Қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың мәліметінше, Нұржан Смағұлов Instagram желісінде азаматтардың ар-намысына тиетін пікір жариялап, оларды сиырмен салыстырған.

Алматыда өзін ұстаз ретінде таныстырып, әлеуметтік желіде адамдарды қорлаған блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың мәліметінше, Нұржан Смағұлов Instagram желісінде азаматтардың ар-намысына тиетін пікір жариялап, оларды сиырмен салыстырған.

Аталған дерек бойынша құзырлы орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы негізінде іс қозғады. Іс сотта қаралып, құқық бұзушы кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 108 125 теңге айыппұл салынды.