Оған 16 облыстың, сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тартысты жекпе-жекте 300-ге жуық спортшы бағын сынады. Төрешілік ерлер арасында 8 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды.
Турнир қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері үш алтын, бір күміс және бес қола жүлде еншіледі.
Әйелдер арасында 53 келі салмақта Аян Тұрсын алтын алды, қола жүлде 58 келі салмақтағы Жұлдызай Ыбыраеваға бұйырды.
Ерлер арасында 57 келі салмақта Жандос Мәдехиянов, 62 келі салмақта Арнат Нәметов чемпион атанды. Тұғырдың екінші сатысына 97 келіден жоғары салмақтағы Ағалы Хасанов көтерілді. 62 келі салмақта Аман Шәкіртов, 73 келіде Олжас Ержан, 97 келіде Азамат Асылбекұлы, 97 келіде Еламан Қуатов қола жүлдегер атанды.
Республикалық біріншіліктің қорытындысы бойынша осы спорт түрінен Азия чемпионаты мен әлем кубогына қатысатындар іріктелетінін айта кетелік.