Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бүгін Астана уақытымен сағат 14:05-те Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы 5,4-ті құрады. Энергетикалық класы – K=13, ал ошағының тереңдігі 64 шақырым болған.
Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, жер дүмпулері Әзербайжанның бірқатар өңірінде 3-4 балл деңгейінде сезілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген.