Әділетхан Молдаханды қамау мерзімі тағы ұзартылды

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.

Белгілі адвокат, блогер Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу аясында сот санкциясымен оған қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бекітілген.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 31 наурыз күні Әділетхан Молдаханның ұсталғаны белгілі болған еді. Полиция оның үстінен көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған. Осыдан кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.