Әнші Қайрат Түнтеков 1001 түн бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші сұхбат барысында жеке өмірі, отбасы туралы сұраққа жауап берді. Ол отбасын көпшілікке көрсеткісі келмейтінін жасырмады. Айтуынша, жеке өмірін ел назарынан тыс ұстау — саналы түрде қабылдаған шешім. Өнер иесі тіл-көздің барына сенетінін айтты.
«Отбасым бар, Құдайға шүкір. Бірақ көрсетпейтін шығармын. Себебі тіл-көз дегенге сенемін. Өзіміздің басымыздан кейде түсініксіз дүниелер өтіп жатады. Негізі, халықтың алдына шыққаннан кейін жеңілдеп қаламын. Бірақ кейбір жерлерге барғаннан кейін, әлсіреп, ауырып қалатын кездерім болады. Бірде солай ауырып, тіпті орнымнан тұра алмай қалған кездер болды», — дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.