Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, Молдова тарапын СІМ Консулдық істер жөніндегі бас басқармасының басшысы Лилиан Морару басқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Сонымен қатар кездесуге екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері қатысты.
Дипломаттар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық нормаларын сақтау қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады. Кездесу барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ халықаралық конвенцияларға сәйкес азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар бұл форматтардың маңыздылығына және олардың екіжақты қатынастардың дамуына үлес қосатынын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуға дайын екендіктерін растады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.